Йемен Қорғаныс министрінің орынбасарына қастандық
Қорғаныс министрінің орынбасары Мұхаммед әл-Джеради қарулы шабуылда қаза тапты.
1903818

Йеменнің Мариб қаласында Қорғаныс министрінің орынбасары Мұхаммед әл-Джеради мен оның жүргізушісі қарулы шабуылдан қаза тапты.
Әскери ақпарат көздеріне қарағанда кімдер екені әлі анықталмаған қарулы топ Марибтегі үйінен шыққан кезде әл-Джеради мен оның жүргізушісіне қарулы шабуыл жасады.
Оқиғада әл-Джеради мен оның жүргізушісі қаза тапты.
Йемен билігі бұл мәселеге қатысты ресми мәлімдеме жасамады.