Үлкен жетілік елдері Украинаға қысқы көмекке дайындалуда

Германия Сыртқы істер министрі Анналена Баербок мәлімдеме жасады.

1902277
Үлкен жетілік елдері Украинаға қысқы көмекке дайындалуда

Германия Сыртқы істер министрі Анналена Баербок Үлкен жетілік елдерінің (Германия, АҚШ, Ұлыбритания, Италия, Франция, Жапония, Канада) Украинаға қысқы көмек көрсету үшін шаралар қабылдағанын хабарлады.

Үлкен жетілік елдерінің Сыртқы істер министрлері саммиті алдында мәлімдеме жасаған Баербок «Үлкен жетіліктегі серіктестерімізбен Украинаға қысқы маусымға көмек көрсетеміз» деді.

Баербок «Қысқы көмек сонымен қатар халықаралық құқықтың бұзулуын мойындамайтынымызды да көрсетеді. Ресей президенті Владимир Путиннің Украинаны бөлу стратегиясын, халықаралық тұтастықты бұзуға бағытталған бастамаларын қабылдамаймыз» деді.

Путинді Украинаның энергетикалық инфрақұрылымына бағыттаған шабуылдары үшін "адамзатқа қарсы қылмыс жасады" деп айыптаған Баербок Үлкен жетілік елдерінің қарттар, балалар және жастардың аштықтан немесе суықтан өліміне жол бермейтіндерін мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар