Запорожье атом электр стансасының қуаты өшірілді

«Энергоатом» агенттігі тақырыппен байланысты мәлімдеме жасады.

1901746
Запорожье атом электр стансасының қуаты өшірілді

Украина Ресей шабуылдарынан жоғары вольтты желілерге зақым келгені үшін Запорожье Атом электр стансасының қуатын өшіргенін жариялады.

Украинаның мемлекеттік ядролық энергетика агенттігі «Энергоатом» Запорожье атом электр стансасындағы жағдай туралы мәлімдеме жасады.

Мәлімдемеде Ресейдің шабуылдары салдарынан электр стансасының жоғары вольтты желілеріне зақым келгені және тек дизелдік генераторлардың жұмыс істеп жатқаны хабарланды.

Генераторлардың жұмыс істеуі үшін 15 күндік жанармай қалғаны да білдірілді. Стансаның 5-ші және 6-шы блоктары салқындатылған күйге келтірілді.

Ресей әскерлері 24 ақпан күні Украинаға шабуылдарын бастаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар