Twitter-де айына 8 доллар ақы алынады

Илон Маск: «Бұл әдіс Twitter-ге контент өндірушілерді марапаттау үшін табыс есігін ашады» деді.

1901253
Twitter-де айына 8 доллар ақы алынады

"Tesla" және "SpaceX" компаниялары бас директоры Илон Маск өзі сатып алған Twitter-ден көк құсбелгілері бар парақшалардан айына 8 доллар ақы алынатынын хабарлады.

Илон Маск Twitter-дегі мәлімдемесінде:

"Twitter-дегі көк құсбелгісі бар немесе жоқ қазіргі лордтар/шаруалар жүйесі - бұл ақымақтық. Бұл белгі айына 8 доллар құрайды" деді.

Көрсетілген санның елден елге өзгеруі мүмкін екенін айтқан Маск айына 8 доллар төлейтін адамдардың көптеген салада платформада көзге түсетінін, ұзағырақ бейне көріністер мен дыбыстарды бөлісе алатынын және жарты жылдамдықпен жарнама көретінін айтты.

Илон Маск:

«Бұл әдіс Twitter-ге контент өндірушілерді марапаттау үшін табыс есігін ашады» деген мәлімдеме жасады.



Ұқсас жаңалықтар