Украинадан 8 астық кемесі жолға шығады

Украинаның Инфрақұрылым министрі Александр Кубраков 8 кеменің Украина порттарынан 3 қарашада жолға шығуы жоспарланғанын айтты.

1901087
Украинадан 8 астық кемесі жолға шығады

Украинаның Инфрақұрылым министрі Александр Кубраков Ресейдің астық дәлізі келісімін тоқтатқанына қарамастан, Украинадан астық тасымалдайтын 8 кеменің Украина порттарынан 3 қарашада жолға шығуы жоспарланғанын мәлімдеді.

Александр Кубраков Twitter парақшасындағы жазбасында Біріккен Ұлттар Ұйымынан (БҰҰ) қажетті рұқсат алғандарын және астық дәлізі келісімі аясында 8 кеменің порттардан шығуы күтілгенін білдіріп:

"Қаратеңіз Астық бастамасы жалғасуда. 3 қараша бейсенбі күні ауыл шаруашылық өнімдерін тасымалдайтын 8 кеме астық дәлізінен өтетіні жоспарлануда. Біз БҰҰ-ның рұқсатын алдық. Сонымен қатар ертең Босфор бұғазында тексеру жұмыстары жүргізіледі" деп көрсетті.

Жаһандық азық-түлік дағдарысын шешу үшін Түркияның үйлестіруімен жүзеге асырылған астық жөнелту келісіміне 22 шілдеде Стамбулда президент Режеп Тайып Ердоғанның қамқорлығымен Украина, Ресей, Түркия және БҰҰ арасында қол қойылды.

Ресей 29 қазанда Украинадан астық өнімдерін экспорттау туралы келісімді белгісіз мерзімге тоқтатқанын хабарлаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар