Пәкістан Ресейден бидай алады

Пәкістан Ресейден 300 мың тонна бидай импорт ететінін хабарлады.

1900303
Пәкістан Ресейден бидай алады

Пәкістан Ресейден 300 мың тонна бидай импорттауға дайындалып жатыр.

Ұлттық баспасөзде жарияланған хабарға қарағанда Еңбек және Қаржы министрі Исхак Дар басқаратын Экономикалық үйлестіру комитеті Ресейден бидай импорттау жоспарын бекітті.

Хабарға қарағанда Пәкістан Ресейден 300 мың тонна бидай импорттайды.

Пәкістанның Ресейден сатып алатын бидай үшін тоннасына 372 доллар төлейтіні айтылған.

Бидай 1 қарашадан 15 қаңтарға дейін жөнелтіледі деп күтілуде.



Ұқсас жаңалықтар