Оңтүстік Корея мен АҚШ  ортақ жаттығу бастады

Оңтүстік Корея мен АҚШ  соңғы 5 жылдағы алғашқы кең ауқымды бірлескен әуе жаттығуларын бүгін бастады.

1899795
Оңтүстік Корея мен АҚШ  ортақ жаттығу бастады

Солтүстік Кореяның кезекті зымыран сынақтары мен жаңа ядролық сынақ күтуі Корея түбегіндегі шиеленісті күшейтіп отырған кезде Оңтүстік Корея мен АҚШ  соңғы 5 жылдағы алғашқы кең ауқымды бірлескен әуе жаттығуларын бүгін бастады.

Оңтүстік Корея Әуе күштері 140 жойғыш ұшағын қолданған жаттығуға АҚШ армиясының 100-ге жуық ұшақпен қатысқаны хабарланды.

Жалпы 1600-ден астам ұшақ сынақтары жоспарлаған одақтас күштерге Австралияның КС-30А көп мақсатты танкер ұшағымен қолдау көрсететіні білдірілді.

Ортақ әскери жаттығудың 4 қарашаға дейін жалғасуы жоспарланған.

Солтүстік Корея жыл басынан бері қысқа және ұзақ қашықтықтағы баллистикалық зымырандар және қанатты зымырандармен бірге 28 зымыран сынағын өткізіп, Оңтүстік Корея мен Солтүстік Корея арасындағы шиеленіс Корея түбегіндегі қауіпсіздік мәселесін күшейтті.



Ұқсас жаңалықтар