Еуропа Одағы үшін астық дәлізі өте маңызды

Януш Войцеховский Еуроодақ-Түркия достық тобы ұйымдастырған азық-түлік дағдарысы конференциясында сөз сөйледі.

1897463
Еуропа Одағы үшін астық дәлізі өте маңызды

Еуропа Одағы Ауыл шаруашылығы комиссиясының мүшесі Януш Войцеховский Түркия мен Біріккен Ұлттар Ұйымының  талпыныстарымен Қаратеңізде құрылған астық дәлізінің жаһандық азық-түлік қауіпсіздігі үшін өте маңызды екенін айтты.

Януш Войцеховский Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасы мен Еуропа Парламентіндегі Еуроодақ-Түркия достық тобы ұйымдастырған азық-түлік дағдарысы конференциясында сөз сөйледі.

Азық-түлік қауіпсіздігінің саяси күн тәртібіндегі ең маңызды мәселелердің бірі екенін еске салған Войцеховский 24 ақпаннан бері Украинадағы Ресеймен соғыстың дүние жүзінде азық-түлік қауіпсіздігіне теріс әсер еткенін айтты.

Войцеховский Украинадан астық экспортының құрлық арқылы «Еуроодақ Ынтымақтастық жолдары» және Қаратеңізден Түркияның дәнекерлігімен «Астық дәлізін» жүзеге асырылатынын еске салды.

Украинаның осы талпыныстар арқасында әлемдік нарыққа 20 миллион тонна ауылшаруашылық өнімін экспорттағанын түсіндірген Войцеховский Астық дәлізі келісімінің ұзартылмау қаупі бар екеніне назар аударды.

Войцеховский «Бұл өте алаңдатарлық жағдай. Астық дәлізі туралы келісім азық-түлік дағдарысының алдын алу шараларының бір бөлігі болып табылады» деп көрсетті.

 



Ұқсас жаңалықтар