Үндістандағы тікұшақ апатында 5 кісі мерт болды

Бұл оқиға Үндістанда бір айдағы үшінші тікұшақ апаты ретінде тіркелді.

1896161
Үндістандағы тікұшақ апатында 5 кісі мерт болды

Үндістанның Аруначал-Прадеш уәлаятында әскери тікұшақ апатқа ұшырап, бес адам қаза тапты.

"India Today" агенттігінің хабарлауынша уәлаяттың Жоғарғы Сианг аймағында 5 адам отырған әскери тікұшақ апатқа ұшырады.

Оқиғадан кейін аймаққа іздеу-құтқару топтары жіберіді және 2 ұшқышпен бірге жалпы 5 адамның мәйіті табылды

Бұл оқиға Үндістанда бір айдағы үшінші тікұшақ апаты ретінде тіркелді.

Апта басындағы тікұшақ апатынан 7 адам қаза тапты, 5 қазанда болған апатта ұшқыш қаза тауып, бір адам жарақат алды.



Ұқсас жаңалықтар