Лиз Трасс отставкаға кетті

Лиз Трасс партия ішінде келесі аптада сайлау болатынын және жаңа премьер-министр сайланғанға дейін міндетін атқаратынын білдірді.

1895673
Лиз Трасс отставкаға кетті

Ұлыбритания премьер-министрі Лиз Трасс отставкаға кетті.

Трасс Премьер-министрліктің 10-шы нөмерлі кеңсесі алдында жасаған мәлімдемесінде  үлкен экономикалық және халықаралық тұрақсыздық кезеңінде қызметке кіріскенін және отбасылар мен іскерлердің қарыздарын қалай төлейтіні туралы алаңдағанын атап өтті.

Мұны өзгерту ниетімен міндетті мойнына алғанын айтқан Трасс қазіргі жағдайды ескере отырып, сайланған осы міндетті орындай алмайтынын мойындады.

Трасс отставкаға кету туралы өтініш беру үшін Ұлыбритания королі Чарльз III-пен кездескенін мәлімдеді.

Лиз Трасс партия ішінде келесі аптада көшбасшылық сайлауы болатынын және жаңа премьер-министр сайланғанға дейін міндетін атқаратынын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар