БҰҰ: "Дәнді дақыл келісімі келісім болашаққа үміт береді"

БҰҰ Сауда және Даму Конференциясы есебі жарияланды.

1895753
БҰҰ: "Дәнді дақыл келісімі келісім болашаққа үміт береді"

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Түркияның араағайындығымен дәнді дақыл дәлізінің келешегінің зор екенін мәлімдеді.

БҰҰ Сауда және Даму Конференциясы жариялаған есепте Украинадан астық жөнелтілімін қамтамасыз ету үшін Түркия мен БҰҰ-ның араағайындығымен қол қойылған "Астық дәлізі келісімінің" келешегінің зор екені және дағдарыс кезінде сауданың да күшін ортаға қойғаны атап көрсетілді.

БҰҰ-ның Сауда және Даму Конференциясы есебінде бұл келісім мерзімін ұзартудың әлемдік азық-түлік бағасын төмен шегеріп, қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұрғысынан үлкен маңызы бар екені атап өтілді.

Келісім арқасында Украина порттарындағы қызметтің қалыпты жағдайға оралғаны, 19 қазан күнінен бастап, Украина порттарынан жөнелтілген астық көлемінің 8 миллион тоннаға жеткені еске салынды.

Есепте «Тасымалдаудың соғысқа дейінгімен салыстырғанда 40 және 50 пайызға азайғанына қарамастан, осы бастаманың арқасында азық-түлік бағасы тұрақтанды және төмендей бастады» деп айтылды.

Дүниежүзілік азық-түлік өнімдері жөнелтілімінің шілде айында 8,6 пайызға, тамыз айында 1,9 және қыркүйек айында 1,1 пайызға төмен шегерілгені туралы ақпарат беріліп, «Дәнді дақыл келісімі келісім болашаққа үміт береді және дағдарыс кезінде сауданың күшін көрсетеді» делінді.



Ұқсас жаңалықтар