Ұлыбританиядан АҚШ-қа кездейсоқ сапар

АҚШ Қорғаныс министрі Ллойд Остин мен Бас Штаб басшысы Марк Милли Пентагонда ұлыбританиялық әріптестері Қорғаныс министрі Бен Уоллес және Бас Штаб бастығы Тони Радакинмен кездесті.

1894804
Ұлыбританиядан АҚШ-қа кездейсоқ сапар

Ұлыбритания Қорғаныс министрі Бен Уоллес пен Бас Штаб төрағасы адмирал Тони Радакин Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) Қорғаныс министрлігіне (Пентегон) жоспардан тыс сапармен барды.

АҚШ Қорғаныс министрі Ллойд Остин мен Бас Штаб басшысы генерал Марк Милли Пентагонда ұлыбританиялық әріптестері Қорғаныс министрі Бен Уоллес және Бас Штаб бастығы адмирал Тони Радакинмен кездесті.

Ұлыбританиялық екі жоғары лауазымдының Вашингтонға сапарлары бұрын жарияланбауымен назар аударды, Анадолы агенттігіне сөйлеген АҚШ қорғаныс қызметкері кездесу талабының Уоллестен келгенін және жоспарланбағанын айтты.

Екі министрдің кездесуіне қатысты мәлімдеме жасаған Пентагонның баспасөз хатшысы бригада генералы Патрик Райдер:

"Министр Остин Ұлыбританияның Қорғаныс министрі Бен Уоллесті Ресейдің Украинадағы шабуылына байланысты трансатлантикалық және аймақтық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын, сондай-ақ екі елдің Украинаға қолдауын жалғастыруын талқылау үшін Пентагонда қабылдады" деді.

АҚШ Бас Штаб басқармасының мәлімдемешісі полковник Дэйв Батлер Марк  Миллидің адмирал Радакинмен «Шығыс Еуропадағы қауіпсіздік ортасын және ортақ стратегиялық мүддеге байланысты басқа да мәселелерді талқылағанын» атап өтті.



Ұқсас жаңалықтар