Мьянмадағы түрмеде 8 кісі қаза тапты

Мьянмадағы 10 мың тұтқын бар ең үлкен түрме Инсеинде болған жарылыста 8 адам қаза тапты және 10 адам жараланды.

1894832
Мьянмадағы түрмеде 8 кісі қаза тапты

Мьянмадағы түрмеде болған жарылыстан 8 адам қаза тауып, 10 адам жараланды.

Янгон қаласындағы Инсеин түрмесінің кіреберісінде және сыртында екі жарылыс болды.

Таңертең болған жарылыста 3 түрме қызметкері мен 5 қонақ қаза тауып, 10 адам жараланды.

Жарылыстан кейін аймақта күшейтілген қауіпсіздік шаралары қолға алынды.

Жарылысқа қатысты тергеу жалғасуда.

Елдегі ең үлкен түрме Инсеинде 10 мың тұтқын бар.



Ұқсас жаңалықтар