Танзания президенті туытты шектеуге шақырды

Танзания президенті: «Үш жылдан кейін бізге қанша оқу бөлмесі қажет болады? Қанша тонна азық-түлік қажет болады?" деді.

1893975
Танзания президенті туытты шектеуге шақырды

Танзания президенті Самия Сулуху Хасан елінде туыт көрсеткішінің жоғары екенін айтып, жүктілікті бақылауға шақырды.

Хасан елінің солтүстігіндегі Гейта аймағына сапары кезінде сөйлеген сөзінде туыт көрсеткішінің жоғары болуына назар аударды.

Танзания президенті Самия Сулуху Хасан:

"Гейта ауданындағы ауруханада айына мың сәби дүниеге келетіні айтылды. «Үш жылдан кейін бізге қанша оқу бөлмесі қажет болады? Қанша тонна азық-түлік қажет болады?" деді.

Дүниежүзілік банктің 2020 жылғы есебіне қарағанда Танзанияда бір әйел орта есеппен 4,8 бала табады екен.



Ұқсас жаңалықтар