Еуроодақ Украина әскеріне білім береді

Еуроодақ Сыртқы істер министрлері Украинаға 500 миллион еуро тұратын 6-шы әскери көмек пакетін жолдауға келіскен.

1893971
Еуроодақ Украина әскеріне білім береді

Еуропа Одағы (ЕО) Украинаға берілген қолдау аясында 15 мың армия қызметкеріне білім беретін әскери миссия құруға шешім қабылдады.

Еуропалық Кеңестің мәлімдемесінде Еуропалық Одақ сыртқы істер министрлерінің Люксембургте өткен отырысында Украинаның өтініші бойынша Еуроодақ әскери көмек миссиясын (EUMAM Украина) құру туралы шешім қабылданғаны хабарланды.

Миссияның мақсаты – «Украинаға өзінің аумақтық тұтастығын қорғауға, егемендігін тиімді жүзеге асыруға және халықаралық деңгейде танылған шекараларында бейбіт тұрғындарды қорғауға мүмкіндік беру арқылы Украина Қарулы Күштерінің әскери операцияларды тиімді жүргізу әлеуетін арттыруға үлес қосу.» 

Мәлімдемеде Украина армиясының жеке, ұжымдық және арнайы дайындықпен қамтамасыз етілетіні, оқуды қолдайтын мүше мемлекеттердің қызметін үйлестіру және синхрондау қамтамасыз етілетіні және миссияның ЕО-ға мүше мемлекеттердің территориясында жұмыс істейтіні баса айтылды. 

Мәлімдемеде миссияның орталығы Бельгияның астанасы Брюссельдегі ЕО Сыртқы байланыстар қызметінің ғимаратында болатыны және оны аталмыш ұйымның Әскери жоспарлау және операция күші директоры вице-адмирал Эрве Блежан басқаратыны білдірілді.

Қараша айының ортасында жұмыс істей бастайды деп жоспарланған миссияның міндет уақыты бастапқыда 2 жыл болатыны атап өтілді.

Сыртқы істер министрлері сондай-ақ Украинаға 500 миллион еуро тұратын 6-шы әскери көмек пакетін жолдауға келіскен.



Ұқсас жаңалықтар