Мәскеуде жартылай жұмылдыру кезеңі аяқталды

Мәскеу мэрі Сергей Собянин жазбаша мәлімдеме жасады.

1893820
Мәскеуде жартылай жұмылдыру кезеңі аяқталды

Мәскеу мэрі Сергей Собянин жазбаша мәлімдеме жасап, қаладағы жартылай жұмылдыру бұйрығының бүгіннен бастап күшін жойғанын хабарлады.

Ресей президенті Владимир Путин 14 қазан күні жасаған мәлімдемесінде өз елінде жартылай жұмылдыру аясында 222 мың әскери қызметке қабылданғанын атап, барлық жұмылдыру шараларының шамамен 2 апта ішінде аяқталатынын мәлімдеген еді.

Ресей Қорғаныс министрлігі 21 қыркүйек күні қабылданған ішінара жұмылдыру шешімі аясында барлығы 300 мың адамның әскерге алынуының жоспарланғанын білдірген болатын.

Жұмылдыру туралы шешімнің артынан жүз мыңдаған Ресей азаматы Грузия мен Қазақстаннан бастап, көптеген елге кету үшін құрлық шекараларына жүгінген еді.

Ресейдегі халықаралық рейстердің билеттеріне сұраныс жылдам артып, жұмылдыру жарияланған алғашқы кезде көптеген қалаға билеттер сатылып тауысылды.



Ұқсас жаңалықтар