Киевке тағы шабуыл

Киевте екі бөлек жарылыс болды.

1893492
Киевке тағы шабуыл

Украина астанасы Киевте екі бөлек жарылыс болды.

Киев мэрі Виталий Кличко әлеуметтік желідегі парақшасында жасаған мәлімдемесінде астананың Шевченск ауданында ресейлік күштердің шабуылы салдарынан екі бөлек жарылыс болғанын айтты.

Киев облыстық әскери басқармасының басшысы Алексей Кулеба Киев тұрғындарын әуе шабуылдары жөніндегі ескертулерге құлақ асуға шақырды.

Шабуылдардың қандай қарумен жасалғаны және зардап шеккендердің бар-жоғы туралы әзірге ешқандай түсініктеме берілген жоқ.

Ресей күштері 10 қазанда Киевке бірқатар шабуылдар жасаған болатын.


Этикеттер: #жарылыс , #Киев , #Украина

Ұқсас жаңалықтар