Ресей Николаев қаласына зымыран атты

Мәлімдемеде Ресей күштерінің соңғы 24 сағатта Украинаның әртүрлі аймақтарына 3 зымыран және 21 әуе шабуылын жасағаны да хабарланды.

1892307
Ресей Николаев қаласына зымыран атты

Украинаның Николаев қаласына Ресей күштері тарапынан S-300 әуе қорғаныс жүйесінен ұшырылған зымыранмен шабуыл жасалып, қираған үйдің қалдықтарында іздеу-құтқару жұмыстарының басталғаны хабарланды.

Николаев облысының әкімі Виталий Ким өзінің Telegram парақшасындағы жазбасында Ресей күштерінің таңертең С-300 жүйесінен атылған 8 зымыранмен Николайевке шабуыл жасағанын айтты.

Бір үйдің қирағанын хабарлаған Ким 6 сағаттық жұмыстың нәтижесінде 11 жастағы баланың үйінді астынан шығарылғанын, тағы 7 адамды іздеу жұмыстарының жалғасып жатқанын білдірді.

Сонымен бірге Украина Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеде соңғы тәулікте Ресей Қарулы күштеріне қарасты 6 жауынгерлік тікұшақтың Украина күштері тарапынан атып түсірілгені хабарланды.

Министрлік 4 ресейлік тікұшақтың небәрі 18 минутта жойылғанын білдірді.

Мәлімдемеде Ресей күштерінің соңғы 24 сағатта Украинаның әртүрлі аймақтарына 3 зымыран және 21 әуе шабуылын жасағаны да хабарланды.

Ресей әскерлері 24 ақпанда Украинаға шабуыл жасады.



Ұқсас жаңалықтар