НАТО Қорғаныс министрлері жиналысы жалғасуда

НАТО Қорғаныс министрлері жиналысының екінші күні Украина тақырыбымен жалғасуда.

1892397
НАТО Қорғаныс министрлері жиналысы жалғасуда

НАТО елдерінің қорғаныс министрлері Украинаға әскери қолдау көрсету, қару-жарақ қорын толықтыру және маңызды инфрақұрылымдарды қорғау сынды негізгі тақырыптарды талқылаған отырыстың екінші күнінде бас қосты.

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг пен АҚШ Қорғаныс министрі Ллойд Остин Бельгияның астанасы Брюссельдегі орталықта өткен НАТО Қорғаныс министрлері жиналысының екінші күніндегі отырыстар алдында баспасөзге мәлімдеме жасады.

Столтенберг НАТО одақтастары берген және 50 ел қатысқан Украина Қорғаныс байланыс тобының «Украина үшін көбірек әуе қорғаныс жүйесі» үндеуінің маңыздылығын атап өтті.

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Жалпы Кеңесінің Ресейдің Украинаның кейбір аймақтарын заңсыз жаулап алуын айыптаған шешімін құптағанын айтқан Столтенберг мұның ережеге негізделген халықаралық тәртіпті қорғау тұрғысынан үлкен мәнге ие екеніне назар аударды.

АҚШ Қорғаныс министрі Остин Йенс Столтенбергтің БҰҰ Жалпы Кеңесінің шешіміне қатысты сөздерімен келісетінін айтты.

Украинаға қолдаудың жалғасатынын қайталаған Остин НАТО одақтастарының қолдауды арттыратыны туралы мәлімдемелеріне риза болғанын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар