Ресей шабуылының тоқтайтын түрі жоқ
Украинаның Донецк облысында Ресей күштерінің шабуылынан 6 бейбіт тұрғын қаза тапты.
1891886

Донецк губернаторы Павел Кириленко әлеуметтік медиа парақшасынан жасаған мәлімдемесінде Ресей күштерінің Донецк аймағында соңғы 24 сағатта жасаған шабуылында 6 бейбіт тұрғынның қаза тапқанын және бір адамның жараланғанын білдірді.
Украина армиясының оңтүстік қолбасшылығынан жасалған мәлімдемеде Херсон аймағындағы 5 елді мекеннің Ресей күштерінен қайтарылғаны айтылды.
Сонымен қатар, Украина армиясының әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерімен Ресей күштері Николай облысына жіберген 9 камикадзе ұшқышсыз әуе аппараты жойылғаны атап өтілді.
Украина күштері 29 тамызда елдің оңтүстігінде, әсіресе Херсон облысында Ресей әскерлеріне қарсы шабуылға шықты.