ЕО Ресейдің Киевке жасаған шабуылын айыптады

Жозеп Боррелл Твиттердегі аккаунтынан мәлімдеме жасады.

1890865
ЕО Ресейдің Киевке жасаған шабуылын айыптады

Еуроодақтың Сыртқы істер және Қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Жозеп Боррелл Еуроодақтың Ресейдің Киев пен Украинаның басқа қалаларында бейбіт тұрғындарға жасаған шабуылын айыптайтынын мәлімдеді.

Жозеп Боррелл Твиттердегі аккаунтынан жасаған мәлімдемесінде Ресейдің Киев және басқа қалаларында бейбіт тұрғындарға жасаған зымыран шабуылының өздерін өкіндіргенін айтты.

Еуроодақ өкілі «Мұндай әрекеттердің 21-ші ғасырда орны жоқ. Мен оларды қатаң түрде айыптаймын. Біз Украинаны қолдаймыз. ЕО-ның қосымша әскери қолдауы келе жатыр» деді.

Ресей күштерінің Украинаның бас қаласы Киевке зымырандық шабуылынан 8 адамның қаза тауып, 24 адамның жараланғаны хабарланған болатын.



Ұқсас жаңалықтар