Балалар жоғалып кетіп отыр

ЕО бойынша 2000 босқын бала із-түссіз жоғалып кетті.

1890024
Балалар жоғалып кетіп отыр

Шілде айында Еуропалық Одақ (ЕО) бойынша 2000 босқын бала із-түссіз жоғалып кетті.

Соғыс, аштық пен қауіп-қатерден құтылып, жаңа өмір бастау үшін мыңдаған шақырым жол жүріп жеткен босқын балалар Еуропада жоғалып жатыр.

Еуропалық статистикалық кеңсе «Еуростат» мәліметтеріне сәйкес, шілдеде Еуроодақ бойынша 2000 босқын бала із-түссіз жоғалып кеткен.

Хабар-ошарсыз кеткендер саны ең көп елдер - Болгария және Австрия. 

Австрияның босқындар ісі жөніндегі агенттігі сарапшыларының айтуынша, Вена үкіметі кәмелетке толмаған пана іздеушілерді Дублин ережесіне сәйкес олардың отбасылары тұратын елдерге жібереді. Осы себепті кейбір балалар өтініш бергеннен кейін ескертусіз лагерьден кетіп қалады.

Осы жылы басым бөлігі Ауғанстан азаматтары 5 мың баланың Австриядағы лагерьлерден шығып, жоғалып кеткені айтылған.

Баспана іздеген балалар із-түзсіз жоғалып кеткен тағы бір ел Нидерландыда тамыз айына дейінгі деректер бойынша 85 бала  баспана орталығын ескертусіз тастап кеткен.

Мамандар лагерьдегі балалардың адам контрабандасының қолына түскен болуын айтып отыр.

Еуропада жоғалған босқын балалармен жұмыс істейтін медиа ұйымы «Еуропада жоғалғандар» 2018-2020 жылдар аралығында Еуропада 18 мыңнан астам пана іздеуші баланың жоғалғанын хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар