АҚШ ирандық 2 министрді санкция тізіміне енгізді

АҚШ Иран Ішкі істер министрі Ахмад Вахиди мен Коммуникация министрі Эйса Зарепурға санкция салатынын хабарлады.

1889878
АҚШ ирандық 2 министрді санкция тізіміне енгізді

Америка Құрама Штаттары (АҚШ) Ирандағы шерулерде протестшілерге күш қолданылды деген себеппен Ішкі істер министрі Ахмад Вахиди мен Коммуникация министрі Эйса Зарепурға санкция салатынын хабарлады.

АҚШ Қаржы министрлігі жасаған мәлімдемеде Иранда лайықсыз киім кигені үшін ұсталған 22 жастағы Махса Аминидің өлімінен кейін интернеттің жабылуы мен бейбіт шерулерге қарсы зорлық-зомбылыққа жауапты басшылардың санкциялар тізіміне алынғаны білдірілді.

Мәлімдемеде Иранның Ішкі істер министрі Вахиди мен Коммуникация министрі Зарепур да бар 7 үкімет және қауіпсіздік қызметкерінің Шетелдік активтерді бақылау кеңсесі тарапынан санкция тізіміне енгізгені атап өтілді.

 



Ұқсас жаңалықтар