Украина кейбір елді мекендерді қайтарып алды

"Луганск облысын оккупациядан азат ету басталды" деп айтылды.

1889027
Украина кейбір елді мекендерді қайтарып алды

Украина Қарулы күштері 24 ақпанда басталған соғыстың алғашқы күндерінде Ресей басып алған Херсон облысындағы ауылды өз бақылауға алды.

Украина арнайы операциялық күштерінің Telegram-дағы ресми аккаунтынан жасалған мәлімдеге қарағанда Украина арнайы операциялық күштерінің сарбаздары Херсон облысындағы Мала Олександривканы бақылауға алды.

Луганск облысы әскери әкімшілігінің басшысы Сергей Гайдай Telegram-дағы парақшасында Украина армиясы Донбасстағы Луганск облысындағы елді мекендерді бақылауға алу үшін әрекетке кіріскенін хабарлады.

Аталмыш аймақтағы кейбір елді мекендердің Украина армиясының бақылауында екенін айтқан Гайдай "Луганск облысын оккупациядан азат ету басталды. Бірнеше елді мекен Ресей армиясынан азат етілді, ол жерлерде Украина Қарулы күштері Украина туын желбіретіп жүр" деді.



Ұқсас жаңалықтар