Ибрагим Траоре Буркина-Фасо президенті болды

Ибрахим Траоренің Мемлекет басшысы және Ұлттық Қарулы Күштердің  Жоғарғы комитетінің қолбасшысы қызметіне бастағаны хабарланды.

1889467
Ибрагим Траоре Буркина-Фасо президенті болды

30 қыркүйекте әскери төңкеріспен Буркина-Фасодағы билікті иелеп алған капитан Ибрахим Траоре ресми түрде президент болды.

Армияның баспасөз хатшысы капитан Кисвендсида Фарук Азария Соргхо ұлттық телеарнада жасаған мәлімдемесінде армия тарапынан құрылған Қауіпсіздікті сақтау және қалпына келтіру отаншылдар қозғалысының басшысы Траоренің Мемлекет басшысы және Ұлттық Қарулы Күштердің  Жоғарғы комитетінің қолбасшысы қызметіне бастағанын хабарлады.

Сорго Траоренің сот тәуелсіздігінің кепілі болатынын атап өтті.

Буркина-Фасода армия елдегі қауіпсіздік жағдайын алға тартып, 30 қыркүйекте билікті басып алып, Траорені елдің жаңа басшысы деп жариялаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар