Дибейбе Түркиямен өзара түсіністік меморандумын бағалады

Ливия премьер-министрі Абдулхамид Дибейбе «February» телеарнасына мәлімдеме жасады.

1889061
Дибейбе Түркиямен өзара түсіністік меморандумын бағалады

Ливия Ұлттық бірлік үкіметінің премьер-министрі Абдулхамид Дибейбе «Кейбір елдердің Түркиямен қол қойылған өзара түсіністік меморандумына қарсы шығуы мені қызықтырмайды» деді.

Триполиде орналасқан «February» телеарнасына мәлімдеме жасаған Абдулхамид Дибейбе Түркиямен жасалған келісімдерде қателік жібермеу үшін бір жылдық талқылаудан кейін қол қойғандарын тілге тиек етіп, бұл келісім бағытында Ливияның аумақтық суларында мұнай іздеу жұмыстарын бастаудан қайтпайтындарын айтты.

Дибейбе «Кейбір елдердің Түркиямен қол қойылған өзара түсіністік меморандумына қарсы шығуы мені қызықтырмайды. Түркиямен қол қойылған теңіз келісімі бойынша мұнай барлау жұмыстары жүргізілетін болады және біз ешқашан құқығымыздан бас тартпаймыз. Қол қойылған хаттама аумақтық суларымыздағы орасан зор мұнай байлығымыз бен осыған қатысты инвестицияларды нығайтады» деді.



Ұқсас жаңалықтар