Босқындардың қайықтары суға кетті

15 адамның денесі табылды.

1889032
Босқындардың қайықтары суға кетті

Грекияның Лесбос аралында қайықтары суға кетіп, 15 босқын қаза тапты.

Грекияның жағалау қауіпсіздік топтары екі босқын қайығының суға батуы салдарынан көптеген адамның қаза тапқанын хабарлады.

Алғашқы анықтаулар бойынша 15 адамның мәйіті табылды, ал көптеген адам із-түзсіз жоғалды деп хабарланды.

Қайықтарда 40 босқын болған деген болжам бар.



Ұқсас жаңалықтар