Сомалидегі террор шабуылында қаза тапқандар саны 36-ға жетті

Сомалидің орталық аймағында кешегі террор шабуылдарында қаза тапқандар саны 36-ға жетті.

1888325
Сомалидегі террор шабуылында қаза тапқандар саны 36-ға жетті

Бас қала Могадишоның солтүстігіндегі Беледвейн қаласында жасалған жанкешті 3 шабуылда, араларында екі үкімет қызметкері бар, барлығы 36 адам қаза тауып, 73 адам жараланды.

Хиран губернаторы Али Джейсте террористтердің жанкешті шабуылдарының оларды қорқытпайтынын және аймақтағы операциялардың жалғасатынын атап көрсетті.

Араларында балалар мен әйелдер бар ауыр жараланған 24 адам Могадишоға жеткізілді.

Жауапкершілігін Аш-Шабаб террор ұйымы мойнына алған шабуылдардың Сомали армиясы мен АҚШ күштері тарапынан Хиран аймағында ұйымдастырған операциялардан кейін орын алуы назар аударды.



Ұқсас жаңалықтар