Еуропада құс тұмауы анықталды

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы 2003 жылдан бері құс тұмауын жұқтырған 456 кісінің қайтыс болғанын білдірді.

1888130
Еуропада құс тұмауы анықталды

Еуропада құс тұмауы екінші рет адамнан анықталды.

Испанияның Гвадалахара қаласында құс фабрикасының жұмысшысы құс тұмауымен ауырғаны хабарланды.

Еуропалық Аурулардың алдын алу және бақылау орталығы, Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы және Испания Денсаулық сақтау министрлігінің ескертулер мен төтенше жағдайларды үйлестіру орталығы 27 қыркүйекте Гвадалахарадағы құс фабрикасында жұмыс істейтін адамда құс тұмауы анықталғанын, карантинге алынған адамның сынамасы қысқа уақытта оңалғанын  мәлімдеді.

Құс тұмауының Еуропада екінші рет, Испанияда бірінші рет адамдарда байқалғаны білдірілді. Бірінші оқиға желтоқсанда  Ұлыбританияда тіркелген еді.

«H5N1» деп аталатын құс тұмауы алғаш рет Қытайда 1990-шы жылдардың соңында анықталған және 1997 жылы Гонконгта вирус жұқтырған 18 адамның 6-сы қайтыс болған кезде зерттеушілер адамдар бұл вирусты таратып, ауыр дертке шалдығуы мүмкін екенін ескерткен болатын. 

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы деректері бойынша 2003 жылдан бері құс тұмауы диагнозы қойылған 864 адамның 456-сы (52 пайызы) қайтыс болған.



Ұқсас жаңалықтар