Дума Украина облыстарын алу заңын қабылдады

Дума Украинаның Донецк, Луганск, Херсон және Запорожье облыстарының Ресейге қосылуы туралы заңдарды қабылдады.

1887872
Дума Украина облыстарын алу заңын қабылдады

Ресей Парламентінің төменгі палатасы Дума Украинаның Донецк, Луганск, Херсон және Запорожье облыстарының Ресейге қосылуы туралы заңдарды қабылдады.

Думада өткен отырыста Украинаның Донецк, Луганск, Херсон және Запорожье облыстарын Ресейге қосу туралы заңдар қаралды.

Қаралған заңдарды депутаттар Думадағы дауыс беруде бірауыздан қабылдады.

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Думада сөйлеген сөзінде Қырым 2014 жылы Ресей аумағына енгізілгенін мәлімдеп:

"Бұл процесс орыс жерлерін бірлестірудің қисынды жалғасы болды" деді.

Америка Құрама Штаттарының Украинаны Ресеймен соғысудың құралына айналдырғанын білдірген Лавров «Бұл Адольф Гитлердің Кеңес Одағына қарсы әрекетіне ұқсайды» деп атап: «Батыстың жоспарлары сол кезде болғанындай, қазір де орындалмайды" деп көрсетті.

Лавров олар «қияли емес» қауіптерге жауап беріп, Ресей шекарасын қорғап жатқандарын айтты.

Ресей президенті Владимир Путин 30 қыркүйекте Украинаның Донецк, Луганск, Херсон және Запорожье облыстарының Ресейге қосылуы туралы құжаттарға қол қойды.



Ұқсас жаңалықтар