Угандада эбола індеті

65 медицина қызметкері карантинге жабылды.

1887748
Угандада эбола індеті

Угандада жалғасып жатқан эбола індетіне байланысты 65 медицина қызметкері карантинге жабылды.

Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз хатшысы Эммануэль Айнебённа 65 медицина қызметкерінің эбола вирусына байланысты 21 күн бойы үйде карантинге жатқызылғанын және жағдайдың бақылауда екенін айтты.

Угандада 19 қыркүйекте басталған эбола індетінен осы уақытқа дейін 7 медицина қызметкері қайтыс болды.

Сирек кездесетін және судандық нұсқасы болып табылатын эбола вирусы елде алғаш рет 19 қыркүйекте 24 жастағы адамда анықталды.



Ұқсас жаңалықтар