Пәкістанда "Ердоған шатыр қалашығы" ашылды

Пәкістан билігінің ұсынысымен шатыр қалаға "Президент Режеп Тайып Ердоған" есімі берілді.

1887354
Пәкістанда "Ердоған шатыр қалашығы" ашылды

Миллиондаған адам су тасқынынан зардап шеккен Пәкістанда табиғи апаттан зиян тартқандарға арналып құрылған "Режеп Тайып Ердоған шатыр қалашығы" салтанатты түрде ашылды.

Пәкістандағы су тасқынынан зардап шеккендер үшін Бхолари қаласында Апаттар және Төтенше жағдайларды басқару ұйымы тарапынан шатырлы қалашық құрылды.

Пәкістан билігінің ұсынысымен шатыр қалаға "Президент Режеп Тайып Ердоған" есімі берілді.

Хайдарабад қаласына жақын жерде құрылған шатыр қалада 200 отбасылық шатыр, әкімшілік, қауіпсіздік, мешіт шатырлары, жедел жәрдем, генератор, дәретханалар мен таза су жүйесі бар.

Апаттар және Төтенше жағдайларды басқару ұйымы төрағалығының координациясымен Пәкістанның 19 түрлі аймағында тігілген 17 мың 65 шатырда апаттан аман қалған шамамен 118 мың адам тұрады.



Ұқсас жаңалықтар