НАТО елдері Ресейге наразылық білдірді
НАТО-ның 9 мүшесі Ресейдің Украинаның 4 аймағын жаулап алу шешімін мойындамайтындарын хабарлады.
НАТО-ның 9 елі Ресейдің Украина территориясын жаулап алуын мойындамайтынын білдірген ортақ мәлімдеме жариялады.
Чехия, Словакия, Эстония, Литва, Латвия, Солтүстік Македония, Черногория, Польша және Румыниядан тұратын НАТО-ға мүше 9 елдің басшылары Ресейдің Украинаның 4 аймағын жаулап алу шешімін мойындамайтындарын хабарлады.
Бірлескен мәлімдеме жасаған басшылар НАТО-ға мүше елдерді Украинаға көмекті арттыруға да шақырды.
Бұл туралы Словакия президенті Зузана Чапутова әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған мәлімдемеде:
«Соғыс кезінде Киевте болып, ресейлік шабуылшылардың зардаптарын өз көзімізбен көрген Орталық және Шығыс Еуропа мемлекеттерінің басшылары ретінде Ресейдің халықаралық құқықты өрескел бұзуына үнсіз қала алмаймыз. Сондықтан біз мәлімдеме жасап, Украинаның егемендігі мен территория тұтастығын қолдайтынымызды қайталаймыз. Біз Ресейдің Украинаның кез келген аумағын жаулап алу әрекетін мойындамаймыз, бұдан былай да танымаймыз" деп көрсетілді.
Көшбасшылар сонымен бірге 2008 жылы Бухарестте өткен НАТО саммитінде Украинаның болашақта НАТО-ға мүше болуы туралы шешімін қолдайтындарын білдірді.
Мәлімдемеде НАТО-ға мүше елдер Украинаға көмекті арттыруға шақырылды.
Ресей әскерлері 24 ақпанда Украинаға шабуыл бастады.