Абдуллахи Надир өлтірілді

«Әш-Шабаб» террор ұйымының негізін қалаушылардың бірі «Убайда» деген лақап атымен танымал Надирдің өлтірілгені хабарланды.

1887546
Абдуллахи Надир өлтірілді

Сомалиде «Әш-Шабаб» лаңкестік ұйымының жетекшілерінің бірі Абдуллахи Надирдің залалсыздандырылғаны хабарланды.

Сомали Ұлттық ақпарат агенттігінің хабарына қарағанда қауіпсіздік күштері 1 қазан күні Джубба аймағында «Әш-Шабаб» террор ұйымына қарсы операция ұйымдастырғаны білдірілді.

Операцияда «Әш-Шабаб» террор ұйымының негізін қалаушылардың бірі «Убайда» деген лақап атымен танымал Надирдің өлтірілгені хабарланды.

Іздеудегі террористтер тізімінде тұрған Надирге қарсы операция үшін ұзақ мерзімді жоспардың жасалғаны атап өтілді.

Америка Құрама Штаттары Абдуллахи Надирдің басына 3 миллион доллар сыйақы қойған болатын.

Сомалиде «Әш-Шабаб» террористік ұйымы қауіпсіздік күштері мен бейуаз халықты нысанаға алған шабуылдарды жиі ұйымдастырып келеді.



Ұқсас жаңалықтар