Украина туы Лиман қаласында

Зеленский мәлімдеме жасады.

1887214
Украина туы Лиман қаласында

Украина президенті Владимир Зеленский Донецк облысындағы Лиман қаласында Украина туы желбіреп тұрғанын мәлімдеді.

"Украина өзіне қайта оралады. Шығыста да, оңтүстікте де,  2014 жылдан бері аннексияланған Қырымда да. Біздің туымыз барлық жерде желбірейді" деді. 

Зеленский әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланған видео мәлімдемесінде Украина армиясы Донецкіде алға жылжып жатқан Лиман қаласындағы жағдайға баға берді.

Украина күштері аймақтағы елді мекендерді қайтарып алғанына тоқталған Зеленский "Осы аптаның ішінде Донбасста желбіреген Украина туы артты. Бір аптадан кейін бұдан да көп болады.  Украин қозғалысы жалғасады" деген сөздер қолданды.

Украина күштерінің Лиман қаласына кіргеніне сілтеме жасай отырып Зеленский "Украинаның туы Донецк облысындағы Лиман қаласында. Ол жерде әлі де қақтығыстар бар. Украина өзіне қайта оралады.  Біздің ту барлық жерде желбірейді" деді. 

Украина Қорғаныс министрлігі кеше украин сарбаздардың Лиман қаласына кіргенін хабарлаған болатын.

 



Ұқсас жаңалықтар