Ресей Украинаның жерін өзіне қосу туралы келісімді бекітті

Путин Украинаның Донецк, Луганск, Херсон және Запорожье облыстарын Ресейге қосу туралы келісімдерге қол қойды.

1887021
Ресей Украинаның жерін өзіне қосу туралы келісімді бекітті

Ресей Украинаның 4 аймағын аннексиялады.

Ресей президенті Владимир Путин Украинаның Донецк, Луганск, Херсон және Запорожье облыстарын Ресейге қосу туралы келісімдерге қол қойды.

Мәскеуде жасаған мәлімдемесінде Ресейге қосылатын аймақтардың талқыланбайтынын білдірген Владимир Путин «Киев әкімшілігін әскери әрекеттерді тоқтатып, келіссөз үстеліне отыруға шақырамыз» деді.

Сөзінде әлемдік азық-түлік дағдарысына тоқталған Путин «Украинадан өндірілген астық Еуроодақ елдеріне кетеді. Астықтың 5 пайызы ғана кедей елдерге жіберілді. Бұл алдау алаяқтық және алдау» деді.

«Солтүстік ағым 1» және «Солтүстік ағым 2» табиғи газ құбырларын нысанаға алған саботажды да бағалаған Путин «Батысқа қарсы санкциялар жеткіліксіз болды, олар жарылыс ұйымдастыру арқылы Балтық теңізінің түбімен өтетін «Солтүстік ағын» газ құбырларына саботаж жасады. Батыс бұл ұлы елді бізден тартып алуға тырысты. Дегенмен Ресей ретінде күйреген жоқпыз. Әдеттегідей тік тұрдық. Батыстың гегемониясына бағынбадық. Батыстың ережелері екіжүзді. Мыңдаған жылдық Ресей басқаның еркіне ешқашан бас имейді. Мұндай ұлтшылдық Ресейде бұрын-соңды болмағанымен, батыстың орыс халқына қарсы фашистік көзқараспен қарайтынын көреміз. Бұрынғы күнәларын мойындау былай тұрсын, оны басқаға жабуға тырысады» деді.



Ұқсас жаңалықтар