Ресей азаматтары Грузияға ағылуда

Грузияның Ішкі істер министрлігі 23-27 қыркүйекте елге 78 мың 742 Ресей азаматы кіргенін хабарлады.

1886848
Ресей азаматтары Грузияға ағылуда
rus vatandaslari gurcistan1.jpg
rus vatandaslari gurcistan.jpg

Өз елінде 21 қыркүйекте ішінара жұмылдыру жарияланғаннан бері Ресей азаматтарының көршілес Грузияға ағылуы күні-түні жалғасуда.

Әсіресе Ресейдің Солтүстік Осетиясындағы Вадикавказ қаласы мен Грузия шекарасы арасындағы көлік қозғалысының кешігуіне байланысты ұзақ жол сапарынан кейін Грузияға өткен кейбір Ресей азаматтары еріктілер тарапынан құрылған гуманитарлық көмек пунктінде азық-түлік, шай және кофе алу үшін кезекте тұр.

Ресейден Грузияға өтіп жатқан адамдардың көпшілігі көліктерінде көптеген чемодандар мен тұрмыстық бұйымдарды алып жүретіні де назар аударуда.

Өткен күндермен салыстырғанда соңғы тәулікте Грузияға жаяу келетіндердің саны айтарлықтай азайғаны, Ресей азаматтарының көбіне жеке көліктерімен, шағын автобустармен және автобустармен барғаны байқалды.

Сондай-ақ, қауіпсіздік мақсатында Грузияға Ресейден жаяу келетін адамдардың өтуіне шектеулер енгізілгені пайымдалуда.

Грузияның Ішкі істер министрлігі 23-27 қыркүйекте елге 78 мың 742 Ресей азаматы кіргенін хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар