Финляндия Ресей азаматтарына визаны шектеді

Финляндия 1 қыркүйектен бастап Ресей азаматтарына берілген визаны шектеді.

1886497
Финляндия Ресей азаматтарына визаны шектеді

Финляндия үкіметі Ресей шекарасындағы жолаушылар ағынын маңызды мөлшерде шектейтінін және 30 қыркүйектен бастап туристік визамен келетін Ресей азаматтарының елге кіруіне тыйым салатынын мәлімдеді.

Сыртқы істер министрі Пекка Хаависто баспасөз мәслихатында:

"Шешім ресейлік туристердің Финляндияға кіруіне және транзитіне толығымен тосқауыл қоюға бағытталған" деді.

Үкімет мәлімдемесінде ресейлік туристердің Финляндияға саяхатын жалғастыруы елдің халықаралық қатынастарына қауіп төндіретіні білдірілді.
Финляндиядағы шекара қақпалары Ресей азаматтарының Еуропалық Одақ  елдеріне құрлық арқылы кіруі үшін сирек кездесетін өткелдер болып табылады.
ЕО-ның Ресейге қарсы санкцияларына байланысты Ресейден ЕО елдеріне ұшақ рейстері мүмкін емес.

Еуроодақтың Ресеймен шекара желісі бар  басқа елдері де өтуге рұқсат бермейді.

Финляндия 1 қыркүйектен бастап Ресей азаматтарына берілген, соның ішінде туристік мақсаттарға арналған визалардың санын қалыпты көрсеткіштің оннан біріне дейін қысқартты.



Ұқсас жаңалықтар