Армения Үндістаннан ауыр қарулар тапсырыс берді

Арменияның Үндістаннан 245 миллион долларлық ауыр қаруға тапсырыс бергені айтылды.

1886943
Армения Үндістаннан ауыр қарулар тапсырыс берді

Үндістанда орналасқан «Economic Times» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Армения осы айда Үндістаннан 245 миллион долларға ауыр қаруға тапсырыс берді.

Тапсырыс Үндістан армиясында да қолданатын жергілікті көп ұңғылы «Пинака» зымыран тасығышына қоса, сондай-ақ танкке қарсы зымырандар мен бірқатар оқ-дәрілерден тұрады.

Әзербайжан-Армения шекарасында екі елдің әскери бөлімдері арасында қызу қақтығыс басталды.

Әзербайжан Қорғаныс министрлігі 12 қыркүйекке қараған түні және 13 қыркүйекке қараған түні Армения армиясының Әзербайжанмен шекараның Дашкесен, Келбажар, Лачин және Зангилан бағыттарында кең ауқымды арандатушылық жасағанын хабарлаған еді.

Әзербайжан армиясының шекарадағы кейбір бекіністер мен баспаналарына әртүрлі калибрлі қарулармен, соның ішінде минометпен жасалған шабуылдарда Әзербайжан армиясының 50 сарбазы шейіт болды.

Әзербайжан әскері Армения қарулы күштерінің шекарадағы атыс күшін залалсыздандырып, қақтығыстың тарауының алдын алды және армян әскеріне үлкен шығын келтірілді.



Ұқсас жаңалықтар