Жікшіл аймақтардың Ресейге қосылуы

Кремль Украинаның 4 облысының ертең Ресейге қосылатынын жариялады.

1886336
Жікшіл аймақтардың Ресейге қосылуы

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Украинадағы даулы референдумдар өткен аймақтардың ертең болатын қол қою рәсімімен ресми түрде Ресейге қосылатынын жариялады.

Дмитрий Песков Донецк, Луганск, Херсон және Запорожьенің Ресейге қосылуы туралы келісімге қол қою рәсімі Мәскеу уақытымен сағат 15.00-де өтетінін мәлімдеді.

Ресей 23-27 қыркүйекте Украинаның Донецк, Луганск, Херсон және Запорожье аумақтарында өткізген референдумда 93 пайыздан астам «иә» дауыспен Ресейге қосылу туралы шешім қабылдаған еді.



Ұқсас жаңалықтар