АҚШ Украинаға қолдауын жалғастырады

Жан-Пьер пакетте сонымен қатар жүздеген брондалған көліктер, радарлар мен дрон жүйелері бар екенін атап өтті.

1886175
АҚШ Украинаға қолдауын жалғастырады

АҚШ-та Ақ Үйдің баспасөз хатшысы Карин Жан-Пьер елінің Украинаға жаңа қару-жарақ пен құрал-жабдықтар, соның ішінде «HIMARS» көп ұңғылы зымыран тасығыш кешендері де қамтылған 1,1 миллиард доллар көлемінде көмек көрсететінін мәлімдеді.

Күнделікті баспасөз брифингінде мәлімдеме жасаған Жан-Пьер «АҚШ Украинаға қосымша 1,1 миллиард долларлық құрал-жабдықтар мен қару-жарақ көмек пакетін жариялады. Оның ішінде Украина осы уақытқа дейін майдан соғысында тиімді пайдаланған «18 HIMARS» көп ұңғылы зымыран тасығыш кешені бар» деген сөздер қолданды.

Жан-Пьер пакетте сонымен қатар жүздеген брондалған көліктер, радарлар мен дрон жүйелері бар екенін атап өтті.

Украинаның шығысында ресейшіл сепаратистердің бақылауындағы аймақтарда Ресейге қосылу үшін өткен референдумдарды бағалаған Жан-Пьер жоғарыда аталған референдумдарды «жалған» деп атады.

 



Ұқсас жаңалықтар