Табиғи газ құбырларына саботаж жасалды

НАТО Бас хатшысы Данияның Қорғаныс министрі Мортен Бодсковпен НАТО штабында бас қосты.

1885768
Табиғи газ құбырларына саботаж жасалды

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг пен Данияның Қорғаныс министрі Мортен Бодсков «Солтүстік ағын» құбыр желілеріндегі газдың қалыптан тыс ағып кетуі мен маңызды инфрақұрылымдарды қорғау мәселесін талқылады.

Столтенберг пен Бодсков Бельгияның бас қаласы Брюссельдегі НАТО штаб-пәтерінде бас қосты.

Кездесуден кейін Столтенберг әлеуметтік желідегі аккаунтынан мәлімдеме жасады.

Данияның НАТО-ның құнды одақтасы екенін атап көрсеткен Столтенберг Швеция мен Дания теңіз айданында байқалған «Солтүстік ағын-1» және «Солтүстік ағын-2» құбырларынан газдың қалыптан тыс ағып кетуіне себеп болған «саботажды» талқылағандарын білдірді.

Столтенберг «НАТО елдерінде өмірлік маңызға ие инфрақұрылымдарды қорғау тақырыптарын талқыладық» деді.

Дания мен Швеция теңіз айдынында Ресейге тиесілі «Солтүстік ағын-1» және «Солтүстік ағын-2» құбырларынан үш бөлек газдың қалыптан тыс ағып кету  оқиғасы анықталғаны аталып, кемелердің аймаққа жақындамауы туралы ескерту жасалды.

Екі ел де ағып кетудің кездейсоқ емес, қасақана жасалған әрекеттің нәтижесі екені жөнінде белгілер бар екенін атап көрсеткен болатын. Еуроодақ құбырлардағы газдың қалыптан тыс ағып кетуінің кездейсоқ емес, қасақана жасалған әрекеттің нәтижесі деп хабарлады.

«Солтүстік ағын - 1» құбыры арқылы табиғи газ тасымалдау 31 тамызда қажетті жөндеу жұмыстары жүргізілмеді деген себеппен тоқтатылды.



Ұқсас жаңалықтар