Шнеефернер мұздығы еріп жатыр

Неміс ғалымдары қыркүйекте Оңтүстік Шнеефернерде жүргізілген өлшеу жұмыстары мұздықтың төрт жылда екі есе кішірейгенін көрсеткенін айтты.

1885139
Шнеефернер мұздығы еріп жатыр

Германияда осы жазда байқалған шыжыған ыстықтың салдарынан еріген Альпі тауындағы Оңтүстік Шнеефернердің «мұздық» статусынан шығарылғаны хабарланды.

Бавария Ғылымдар академиясының мәлімдемесінде Германияда тек төрт ірі мұздық қалғаны білдірілді.

Неміс ғалымдары қыркүйекте Оңтүстік Шнеефернерде жүргізілген өлшеу жұмыстары мұздықтың төрт жылда екі есе кішірейгенін көрсеткенін айтты.

Зерттеу барысында мұздықтың көп бөлігінің қалыңдығы 2 метрден сәл асатыны және қазір мұздық статусынан шығарылғаны хабарланды.
Мамандар жұқарып бара жатқан мұз қабаты бір-екі жылдың ішінде толығымен еріп кетуі мүмкін екенін болжап отыр.

Ғалымдар Еуропадағы көптеген мұздықтардың климаттың өзгеруіне байланысты алдағы жылдары еріп кету қаупі бар екенін айтады.



Ұқсас жаңалықтар