"Ресей газды қасақана ағызуда"

Ресейге тиесілі «Солтүстік Ағын 1» және «Солтүстік Ағын 2» құбырларында үш жерде газ ағып жатқаны хабарланды.

1885671
"Ресей газды қасақана ағызуда"

Еуропалық Одақ «Солтүстік Ағын-1» және «Солтүстік Ағын-2» құбырларындағы газдың ағуы әдейі жасалған әрекеттің нәтижесі екенін мәлімдеді.

Еуроодақ атынан мәлімдеме жасаған Еуроодақтың Сыртқы байланыстар және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғары өкілі Жозеп Боррелл Балтық теңізіндегі құбырлардың зақымдануы және оның салдарынан газдың ағып кетуіне алаңдап отырғандарын білдірді.

Жозеп Боррелл қауіпсіздік пен қоршаған ортаға қатысты мәселелердің басты басымдық екенін атап өтті.

«Бұл оқиғалар кездейсоқ емес және барлығымызға әсер етеді. Барлық ақпараттың газдың ағып кетуі қасақана жасалған әрекеттің нәтижесі екенін көрсетеді. Біз не болғанын және неліктен болғанын анықтауға бағытталған кез келген тергеуді қолдаймыз және энергетикалық қауіпсіздікте тұрақтылығымызды арттыру үшін шаралар қабылдаймыз. Еуропалық энергетикалық инфрақұрылымды бұзатын қасақана әрекеттерге жол берілмейді және оларға береке-бірлік ішінде бола отырып күшті жауап беріледі» деді Жозеп Боррелл.

Дания мен Швеция жағалауларында Ресейге тиесілі «Солтүстік Ағын 1» және «Солтүстік Ағын 2» құбырларында үш жерде газ ағып жатқаны хабарланып, кемелердің аймаққа жақындамауы туралы ескерту жасалды.
Екі ел де ақпараттың газдың ағып кетуі кездейсоқ емес, қасақана жасалған әрекеттің нәтижесі екені жайлы белгілер бар екенін білдіруде.



Ұқсас жаңалықтар