"Путин арт-артынан қателік жасап отыр"

Германия канцлері Путиннің жартылай жұмылдыру шешімін «үреймен қабылданған қате шешім» деді.

1885772
"Путин арт-артынан қателік жасап отыр"

Германия канцлері Олаф Шольц Ресей президенті Владимир Путиннің жартылай жұмылдыру шешімін «үреймен қабылданған қате шешім» деді.

Олаф Шольц неміс медиасына жасаған мәлімдемесінде Путиннің жартылай жұмылдыру шешіміне сілтеме жасай отырып, "Бұл - Ресей Қарулы күштерінің Украинаның шығысындағы сәтсіздіктеріне берілген реакция.  Бұл жағдай Ресейде айтарлықтай толқулар тудырады. Путин қателік артынан қателік жасауда" деді.

24 ақпаннан бері жалғасып келе жатқан Украина соғысына байланысты Ресейге салынған санкцияларды қолдап сөйлеген Шольц "Санкциялар өте тиімді. Санкциялардың мақсаты - Ресей үкіметіне өзінің әрекеттерінің мүлдем мағынасыз екенін түсіндіру. Владимир Путин бұл соғысты өз әскерін дереу шығарып, содан кейін Киевпен келіссөздерге беталу арқылы тоқтата алады" деді.



Ұқсас жаңалықтар