Норвегия Польшаға газ жолдайды

Матеуш Моравецки Ресейдің табиғи газ саласындағы егемендігі аяқталатынын білдірді.

1885376
Норвегия Польшаға газ жолдайды

Норвегияның табиғи газын Дания арқылы Польшаға жеткізетін «Балтық құбыры» табиғи газ құбыр желісінің тұсау кесу ашылу салтанаты өткізілді.

Польшаның Голениов қаласында өткен салтанатты рәсімге Польша президенті Анджей Дуда, премьер-министр Матеуш Моравецки және Дания премьер-министрі Метте Фредериксен қатысты.

Матеуш Моравецки ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде Ресейдің табиғи газ саласындағы егемендігі бүгін аяқталатынын айтып:

"Біз егемендіктің, энергетикалық еркіндіктің және энергетикалық қауіпсіздікті арттырудың жаңа дәуіріне қадам басып отырмыз. Қауіпсіздік ынтымақтастықтан туындайды. Біз ынтымақтастық пен ұйымшылдық арқылы құрлығымыздың қауіпсіздігі мен энергетикалық егемендігін арттырудың мүмкін екенін әлемге көрсетеміз" деді.

Моравецки бұл құбырдың еркіндік, егемендік, сенім мен бейбітшілікті бейнелейтінін атап өтті.

Норвегиядан Польшаға жылына 10 миллиард текше метр табиғи газ тасымалдайтын құбыр желісі арқылы газ тасымалдау 1 қазанда басталады.



Ұқсас жаңалықтар