Донецк пен Луганскта Ресейге қосылуға референдум өтті

Донбасc, Херсон және Запорожье аймақтарында Ресейге қосылу референдумы аяқталды.

1885549
Донецк пен Луганскта Ресейге қосылуға референдум өтті

Украинадағы ресейшіл жікшілдердің бақылауындағы Донецк және Луганск Халық Республикалары деп аталатын аймақтарда және Ресей армиясы басып алған Херсон мен Запорожье облыстарында өткен референдумда «Ресейге қосылу» шешімі қабылданды.

Ресейдің бақылауындағы Донбасc, Херсон және Запорожье аймақтарында Ресейге қосылу үшін 23 қыркүйек күні басталған референдум аяқталды.

Луганск Халық Республикасы деп аталатын аймақтардағы сайлау комиссияларының нақты емес мәліметтері бойынша, дауыстардың 100 пайызы санаққа алынды. Дауыс берушілердің 98,42 пайызы Ресейге қосылуды қолдап дауыс берді.

«Донецк Халық Республикасы» деп аталатын жерде дауыстардың 56,85 пайызы санаққа алынып, олардың 94,75 пайызы Ресейге қосылуға дауыс бергені атап көрсетілді.

Барлық дауыстар Ресей армиясының бақылауындағы Херсон облысында саналды. Референдумға қатысқандардың 87,05 пайызы Ресейге қосылуды қолдап дауыс берді.

Запорожье аймағында болса дауыстардың толығымен саналғанын, сайлаушылардың 93,11 пайызының Ресейге қосылуға дауыс бергені білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар