Сириядағы босқындар лагеріне әуе шабуылы жасалды

Орыс әскери ұшақтары Идлиб ауылдық аймағындағы Кефер Лусин босқындар лагерін нысанаға алды.

1885167
Сириядағы босқындар лагеріне әуе шабуылы жасалды

Сирияда Башар Асад режиміне қолдау көрсеткен орыс соғыс ұшақтарының Кефер Лусин аймағында босқындар лагеріне шабуылы салдарынан 8 бейбіт тұрғын жараланды.

Орыс соғыс ұшақтары Идлиб ауылдық аймағындағы Кефер Лусин босқындар лагерін нысанаға алды.

Жергілікті ақпарат көздерінен жасалған мәлімдемеде шабуылда 8 бейбіт тұрғынның жараланғаны, олардың бірінің жағдайының ауыр екені білдірілді.

Бір мектептің маңына жасалған әуе шабуылы үлкен үрей тудырды.

Шабуыл аймағынан түтін көтерілгенде, балалар мен отбасыларының қорқып қашқаны байқалды.

Оқиға орнына жеткен азаматтық қорғау топтары зардап шеккендерді ауруханаға жеткізді.



Ұқсас жаңалықтар