Си Цзиньпин Владимир Путинге көңіл айтты

Қытай төрағасы Владимир Путинге Ижевск қаласындағы мектепке жасалған қарулы шабуылға байланысты көңіл айтты.

1885151
Си Цзиньпин Владимир Путинге көңіл айтты

Қытай төрағасы Си Цзиньпин ресейлік әріптесі Владимир Путинге Ижевск қаласындағы мектепке жасалған қарулы шабуылға байланысты көңіл айтты.

Си Цзиньпин өз жолдауында Ижевск қаласында болған оқиғаны естігенде қатты таңғалғанын айтып, Қытай үкіметі мен халқының атынан қаза тапқандар үшін қайғырып, туған-туыстарынан айырылғандардың отбасына көңіл айту тілегін жеткізді.

Кеше Ресейдің Удмуртия облысындағы Ижевск қаласындағы №88 мектепке белгісіз бір адам  қарулы шабуыл жасады. Шабуылда 7-сі бала 13 адам қаза тауып, 14-і бала 21 адам жараланды.



Ұқсас жаңалықтар