"Дағдарысты батыс елдері туғызып отыр"

Владимир Путин елінің ауыл шаруашылығы саласының басшыларымен кездесіп, сөз сөйледі.

1885229
"Дағдарысты батыс елдері туғызып отыр"

Ресей президенті Владимир Путин Украинадан жөнелтілген астықтың кедей елдерге емес, Еуропалық Одақ (ЕО) елдеріне кетіп жатқанын және батыстың әлемдік азық-түлік дағдарысын тудырғанын мәлімдеді.

Владимир Путин елінің ауыл шаруашылығы саласының басшыларымен бейнеконференция арқылы  кездесіп, сөз сөйледі.

Ресейдің биыл 138 миллион тонна астық жинағанын түсіндірген Путин "Жыл соңына дейін егін 150 миллион тоннаға жетеді деп күтілуде. Бұл Ресей тарихындағы рекордтық көрсеткіш болады. Осылайша қазіргі қиын жағдайда біз өз қажеттілігімізді толық қанағаттандырамыз және экспорт үшін қосымша ресурс жинақтаймыз» деді.

Ресей астығы мен тыңайтқыштарын тасымалдауға қатысты қиындықтардың жалғасып жатқанына назар аударған Путин "Ресейге қарсы санкциялар бірнеше жыл бойы жалғасып келе жатқан жаһандық азық-түлік дағдарысын тереңдету қаупін төндіреді. Біз кейбір жетекші елдердің қаржылық және азық-түлік саясатына байланысты қазіргі жағдайды бастан кешіріп жатырмыз және бұның барлық жауапкершілігі батыстың мойнында” деді.

Владимир Путин Украинадан жеткізіліп жатқан астықтың кедей елдерге бармайтынын алға тартты. «23 қыркүйектегі дерек бойынша, Украина порттарынан шыққан 203 кеменің тек 4-уі ғана кедей елдерге кетті» деді ол.

Ресей басшысы «Батыс елдері жаһандық азық-түлік дағдарысын тудыруда. Бұл жағдайда біз азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, импорттық ресурстарға, соның ішінде жабдыққа, техникаға және тұқымға тәуелділікті азайтуымыз керек» деді.



Ұқсас жаңалықтар